Тема Объявления Тасқала ауданының білім беру бөлімінің 2021 жылығы 1 сәуірдегі №58 бұйрығына сәйкес, 16 сәуір күні Мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен «Экоболашақ» экологиялық жобалардың қашықтан аудандық кезеңі өткізілді. Бұл байқауға аудан көлемінде білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты. Атап айтсақ, «Сәулет» МЛ, Мерей МББК, Амангелді МББК, Ы.Алтынсарин ат.ЖОББМ, Ақтау МББК, Шежін МББК, Айнабұлақ НМ, Атамекен МББК. Жоба 4 номинация бойынша кезеңдерге бөлінген болатын. - «Біз экоград құрамыз» номинациясы – «Экологиялық таза өлке» атты 3-5 минуттық анимациялық бейнеролик бойынша бағын сынап І орын Шежін МББК, 9 сынып оқушысы Төлеп Бахтияр (жет: Бисенгалиева С.А.); ІІ орын Ақтау МББК 9 сынып оқушысы Дидарова Дана (жет: Амангалиева А.А.); ІІІ орын Амангелді МББК 8 сынып оқушысы Менхатов Жігер (жет: Нуфтенова К.С.) ие болды. - «Zero waste» (қалдықсыз өмір) номинациясы – ескі, қажетсіз заттардан (киімдер, ойыншықтар, жихаздар, техникалар) әртүрлі бұйым жасау арқылы қалдық заттарға екінші өмір сыйлау. Оқушының бұйымды жасау процесінен 3 минуттық видеосы жұмыс барысынан көрсетуде алға озып, І орын иеленген Ақтау МББК 7 сынып оқушысы Ергалиева Мариям, ІІ орын Шежін МББК 8 сынып оқушысы Жумашева Аяна, ІІІ орын Ы.Алтынсарин ат.ЖОББМ 5 сынып оқушысы Имангали Мөлдір (жет: Уразаева М.Б.) ие болды. - «Healthy life» номинациясы – «Жетістікке апарар жол – салауатты өмір салты» суреттер байқауы бойынша І орынға Ы.Алтынсарин ат.ЖОББМ 5 сынып оқушысы Сисенгалиева Гүлжайна (жет: Уразаева М.Б.), ІІ орын Мерей МББК 9 сынып оқушысы Елеукенова Динара (жет: Киреев Н.А.), ІІІ орын Айнабұлақ НМ 8 сынып оқушысы (жет: Турешова Э.М.) ие болды. - «Ақылды үй» номинациясы -5 минуттан аспайтын бейнежазба кезеңі бойынша сұраныс келіп түскен жоқ. Жоғарыда көрсетілген номинациялар бойынша І орын алған қатысушылар байқаудың облыстық кезеңіне жіберілді.

Организация: ГККП «Центр внешкольной работы» отдела образования Таскалинского района управления образования акимата Западно-Казахстанской области»

Hello, World!