Тема Объявления Ағымдағы жылдың 17 наурызы күні Тасқала ауданының білім беру бөлімінің және «Мектептен тыс жұмыс орталығының» жоспарына сәйкес, «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумының аудандық кезеңі өткізілді. Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу. Форумның міндеттері: қоршаған ортаны қорғау міндеттерін шешуде олардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал етуші, білім алушылардыпрактикалық қатысуға тарту үшін жағдай жасау; білім алушылар мен педагог қызметкерлер арасында шығармашылық байланысты орнату және жұмыс тәжірибесімен алмасу; еліміздің жас тұрғындарында экологиялық мәдениетті және адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелер тарапынан белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру; шығармашылық міндеттердің қойылымы үшінқатысушылар тәжірибесін біріктіру, оның іске асырылуы мен шешу кезінде туындайтын қиындықтарын өткеру үшін әдістерді таңдау; балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау болып табылады. Бұл форумға аудан көлеміне білім беру мекемелірінен Ы.Алтынсарин ат.ЖОББМ, Ақтау МББК, Шежін МББК, Оян МББК, Қ.Сәтбаев ат.ЖОББМ оқушылары қатысты. Форум қортындысы бойынша «Экоболашақ» номинациясында І орынға Шежін МББК 7 сынып оқушысы Аманжол Еркежан, ІІ орын Ақтау МББК 9 сынып оқушысы Дусенова Асмира, ІІІ орын Қ.Сәтбаев ат.ЖОББМ 9 сынып оқушысы Төлеген Айнамкөз ие болса, «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясында І орынға Оян МББК 10 сынып оқушысы Даулбаев Санжар, ІІ орын Шежін МББК 7 сынып оқушысы Джанакова Ажар, ІІІ орын Ы.Алтынсарин ат.ЖОББМ 6 сынып оқушысы Темирова Ұлболсын ие болды. « Жасыл экономика» номинациясы бойынша І орынды Оян МББК 9 сынып оқушысы Муратова Дильназ жеңіп алды. «Жасыл оазистер» номинациясында ІІІ орынды Ы.Алтынсарин ат.ЖОББМ 7 сынып оқушысы Альмуханова Шынар, ал «Туған өлке тарихы» номинациясында ІІІ орынға Ы.Алтынсарин ат. ЖОББМ 10 сынып оқушысы Жардемова Аружан ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.

Организация: ГККП «Центр внешкольной работы» отдела образования Таскалинского района управления образования акимата Западно-Казахстанской области»

Hello, World!