Тема Объявления Техникалық үйірмелердің көрмесі

Организация: ГККП «Областной центр детского технического творчества» Управления образования акимата Западно-Казахстанской области

Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні «Білім мен шеберлікті бағалау» апталығы аясында облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласы білім беру бөлімінің №50 жалпы орта білім беретін мектеп базасында  Хамбар Мұханбетжанұлы жетекшілігімен өтетін «Әскери техникаларын үлгілеу», «Стендтік үлгілеу» үйірмелерінің жұмыстарының таныстырылымы өтті.

Шара барысында мектеп оқушылар назарына облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының  «Спорттық – техникалық» және  «Құрастырушылық-техникалық» бөлімдерінің техникалық бағытта жүргізілетін үйірме жұмыстары бойынша шеберлік сағаттар мен көрме ұсынылды. Үйірме жетекшілері оқушыларға  үйірме жайлы ақпарат беріп қана қоймай, модельдерді демонстрация жасады.