Тема Объявления Спорттық радиопеленгация жарысы өткізілді
Организация: ГККП «Областной центр детского технического творчества» Управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Ағымдағы жылдың 16 ақпан күні «Білім мен шеберлікті бағалау» апталығының жоспары аясында оқушылардың үйірмеге қызығушылықтарын арттыру және шығармашылықтарын дамыту мақсатында, «3,5 МГц радио қабылдағышын табу» спорттық радиопеленгация жарысы өткізілді. Жарыс орталығымыздағы және «Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнулы мектеп интернатының» «Спорттық радиопеленгация» үйірмесінің тәрбиеленушілері арасында өтті. Үйірме жетекшілері Алтай Абайұлы және Біржан Тәтібайұлы үйірме тәрбиеленушілеріне қабылдағыш құрылғысымен жұмыс жасау принціпін таныстырып өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша Бәйтерек ауданы Қадыр Мырза-Әли жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Темирханов Мендибек – І орын, «Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнулы мектеп интернатының» оқушылары Ексебай Елжан – ІІ орын, Ексебай Бекзат – ІІІ орын иеленді. Барлық қатысушылар сертификатпен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.