Тема Объявления Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңі
Организация: ГККП Центр дополнительного образования «Дарын» Управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңі
2021 жылғы 13 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарын» қосымша білім орталығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілі Сакауова Роза Шаймановна, Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білімді дамыту бөлімінің басшысы Батыргалиева Луара Кайрекеновна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Куспанов Утебай Куспанович қатысуымен «Академиялық адалдық» негізінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, оффлайн форматта дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернатының базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері - жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау.
Олимпиада математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі, қазақстан тарихы пәндері бойынша Oqylyq.kz қашықтықтан оқыту платформасы прокторинг жүйесі арқылы өткізілді. Олимпиаданың өту барысы Youtube тікелей трансляциясы арқылы бақыланды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңіне 13 жалпы білім беру ұйымдарынан 16 оқушы қатысты.
Облыс бойынша олимпиадаға қатысқан 16 оқушының 12-і жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанып, I, II және III дәрежелі дипломдармен және 1 оқушы грамотамен марапатталды.
І орын:
• Қуанәлі Нұрай - Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы /Жаратылыстану/;
• Меирман Айдар - Орал қаласы, №28 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы /Ағылшын тілі/;
• Есболсын Гүлмаржан - Сырым ауданы, Сырым мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің 5 сынып оқушысы /Қазақ тілі мен әдебиеті/;
• Спорт Аңсағаным - Орал қаласы, №47 жалпы орта білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы / Қазақ тілі мен әдебиеті/;
• Абдугажиева Малика - Орал қаласы, Эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы /Қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі/;
• Диниш Мариям - Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 5 сынып оқушысы / Қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі/.
ІІ орын:
• Дауенова Эмилия - Орал қаласы, №28 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы /орыс тілі мен әдебиеті/;
• Курамбаева Махфуза - Орал қаласы, №16 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы /орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі/.
ІІІ орын:
• Карабалиева Аянат - Орал қаласы, №35 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы /Математика/;
• Есқали Дархан - Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы /Математика/;
• Гарипов Иван - Бәйтерек ауданы, Дариян жалпы орта білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы /Қазақстан тарихы/;
• Молдағали Эльхан - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектебінің 6 сынып оқушысы /Ағылшын тілі/.
Грамота:
• Басыр Нұрәлі - Орал қаласы, №21 жалпы орта білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы /Жаратылыстану/.
Құрметті жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ біздің бірегей балаларымызды дайындаған педагогтар!!! Олимпиадада қол жеткізген жетістіктеріңіз құтты болсын!
Олимпиада нәтижесі тур өткізілгеннен кейінгі сол күні «Дарын» РҒПО-ның ресми daryn.kz сайтында жарияланды: https://drive.google.com/.../1ylzWIz_Xe1n.../view