"Art мажор (Домбыра)"

  • Организация:
    ГККП «Дворец школьников» отдела образования города Уральск управления образования акимата Западно-Казахстанской области»
  • Адрес:
    г.Уральск улица Кыдыр Мырза Али, 18.
  • Прием:
    Есть прием
  • Возраст:
    10 жастан жоғары
  • Стоимость:
    1 АЕК (3450 тг)
  • ФИО учителей:
    Қойшиева Қарашаш Сырымовна
  • Язык:
  • Описание:
    Бүгінгі таңда қазақ халқының ұлттық-мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты жан-жақты жеке тұлға ретінде тәрбиелеудің заңды қажеттілігі арта түсуде. Домбыра – ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Сондықтан домбыра үйренуде оқушының бойында икем, талпыныс, сабырлық және төзімділік болуы керек. Домбыра үйірмесінде оқушы домбыра аспабының қыр сырын ұғынып, домбыра үйренеді. Үйірме оқушыларды ұлттық өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оған домбыра аспабына қызығушылық танытқан, оны үйренуге ынталы оқушылар тартылды. Үйірменің балаларға берері көп. Оларға ұлттық аспаптар туралы мағлұматтар беріліп, домбыра аспабының құрылысы түсіндіріледі. Домбыраны қалай ұстау, домбыра тартқанда қалай отыру керектігі үйретіледі. Домбыраның құлақ күйін келтіру, домбыра қағыстарын үйренуге назар аударылады. Аспаптың тарту техникасына көп көңіл бөлінеді. Үйірмеде топтық, жұптық және жеке оқушылармен жұмыстар жүргізіледі. Халық күйлері үйретіледі.