Описание:
Қобыз — таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Қобыз қазақ халқының ең көне аспаптарының бірі болып табылады.Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-сүйкеп көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады. Аспапта ойнауға оқыту процесіндегі табиғи мүмкіндіктерді ескере отырып, орындаушылық өнер негізіндерінің білімдері мен іскерліктерінің қамтамасыз етеді. Музыкалық - практикалық қызмет дағдылары, орындаудың ұжымдық музыка ойнаудың техникалық дағдылары, музыкалық қабілеттері мн кәсіби бағдарлануын дамыту қалыптасады.
Кейінгі деңгейлерде музыкалық білім берудің жалғастыру үшін оқу мүмкіндігін ұсынады. Жұмыс істеу нысаны – жеке.